Оқу уақыты: 1 мин

«Алтын доп» иегері Родри ауыр жарақаттан кейін алаңға оралды

«Алтын доп» иегері Родри ауыр жарақаттан кейін алаңға оралды

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри тізе жарақатынан кейін сегіз айлық үзілістен соң алаңға оралды — ол «Борнмутқа» қарсы ойынның 83-ші минутында Эрлинг Холандты алмастырып, «қалалықтардың» 3:1 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.

Испаниялық футболшы қыркүйекте «Арсеналмен» болған ойында крест тәрізді байламдарын үзіп алған — содан бері «Манчестер Сити» көшбасшылықтан айырылып, чемпиондық атақты «Ливерпуль» мерзімінен бұрын жеңіп алды.

«Фулхэмге» қарсы соңғы тур алдында Пеп Гвардиола командасы турнир кестесінде үшінші орында тұр — Чемпиондар лигасына өту үшін «қалалықтарға» «Крейвен Коттеджде» тең ойын жеткілікті.

Еске сала кетейік, Родри 2024 жылы Испания құрамасымен Еуропа чемпионатын, ал «Манчестер Ситимен» Премьер-лига, УЕФА Суперкубогы және клубтық әлем чемпионатын жеңіп, «Алтын допқа» ие болған.