Оқу уақыты: 1 мин

«Алматының» үш шабуылшысы карьерасын «Құлагерде» жалғастырады

«Алматының» үш шабуылшысы карьерасын «Құлагерде» жалғастырады

Шабуылшылар Степан Штефан, Артём Бурделёв және Ян Хоменко «Алматыдан» «Құлагер» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымда 28 жастағы Степан Штефан Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде 39 матч өткізіп, 14 (5+9) ұпай жинады. Плей-офф кезеңіндегі 7 ойында оның еншісінде 5 (1+4) ұпай бар.

34 жастағы Артём Бурделёв Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде 30 ойынға қатысып, 21 (10+11) ұпай жинады. Плей-оффтағы 7 кездесуде оның есебінде де 5 (1+4) ұпай бар.

27 жастағы Ян Хоменко тұрақты чемпионатта 36 матч өткізіп, 28 (14+14) ұпай еншіледі. Плей-офф кезеңіндегі төрт ойында екі шайба соқты.