10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алматылық «Қайраттың» жастар командасы бірінші турдағы матчты басқа стадионда өткізеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Алматылық «Қайраттың» жастар командасы бірінші турдағы матчты басқа стадионда өткізеді

Bolanarede.pt дерегінше, бастапқыда ойын Лиссабондағы Криштиану Роналду академиясының аренасында өтеді деп жоспарланған. Алайда алаңдағы жөндеу жұмыстарына байланысты кездесу «Эштадиу Насьонал» стадионына ауыстырылды. Бұл арена 37 мың жанкүйерді сыйдыра алады.

Матч 18 қыркүйек күні өтеді. Айта кетейік, бұл ойын негізгі құрамдардың «Спортинг» пен «Қайрат» арасындағы кездесуіне дейінгі бірнеше сағат бұрын ұйымдастырылады. Негізгі матч «Жозе Алваладе» стадионында түнгі сағат 00:00-де (Астана уақытымен 19 қыркүйекке қараған түні) басталады.«Қайрат» жастары үшін алғашқы ойын үлкен стадионда, мыңдаған жанкүйердің алдында өтпек. Бұл олардың тәжірибесін арттыратын әрі тарихи сәтке айналуы мүмкін.