30.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алматылық «Қайрат» қазақстандық қақпашымен қоштасады

Алматылық «Қайрат» қазақстандық қақпашымен қоштасады

Қазақстандық қақпашы Александр Заруцкий «Қайраттан» кетеді деген ақпарат шықты.

Бұл жөнінде спорт блогері Эльдар Аманбаев мәлім етті. Оның ақпараты бойынша алматылық клуб тәжірибелі қақпашымен келісімшарт мерзімін ұзартпауды жөн көріп отыр.

Александр Заруцкий 1993 жылы дүниеге келген. 2013 жылдан бері қазақстандық «Шахтер», «Қызылжар», «Атырау», «Ертіс», «Қайсар», «Астана» клубтарында ойын көрсетті.

2024 жылдан бері ұлттық құрама сапына шақыру алып келеді.