01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алматыда жасөспірімдер арасында Ролан Гарросқа іріктеу турнирі өтеді

Алматыда жасөспірімдер арасында Ролан Гарросқа іріктеу турнирі өтеді

Алматы қаласында 4-9 тамыз аралығында Орталық және Батыс Азия елдері бойынша жасөспірімдер арасында Ролан Гарросқа іріктеу сайысы өтеді.

Турнир Қазақстан және Азия теннис федерацияларының қолдауымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орталық және Батыс Азия мемлекеттерінен 16 жасқа дейінгі 16 спортшы бақ сынайды. Жарыс финалистері Жапонияда қазанда өтетін турнирде Франция ашық чемпионаты — Ролан Гарростың жалғыз жолдамасы үшін сынға түседі.

Биыл Алматыда Өзбекстан, Қырғызстан, Иордания, Иран, Сауд Арабиясы және Түркменстан елдерінің жас таланттары өнер көрсетеді.

Қазақстан намысын Родион Трайгель, Мансұр Сайынов, Ратмир Пулькевич, Аңсар Ниетқалиев, Даниэль Юрекли, Еркежан Жаңатаева, Әдия Омарбек, Ляйсан Нұрышева, Каролина Лигай, Гаухар Актан, Зинира Жунусова және София Малышева қорғайды.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
АДАМДАРҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ. КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙМЫЗ. БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАЙМЫЗ.
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
Lexus. Experience Amazing
Турнирдің бас демеушісі — Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы