02.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтуде

Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтуде

Алматы қаласында спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталмыш біріншілікке 9 өңірден 102-ден астам үздік атлет қатысып, ел чемпионы атануға таласады. Алғашқы жарыс күні көпсайыстан іріктеу бәсекелері өтуде.

Чемпионат қорытындысы бойынша, Ұлттық құрама жасақталып, спортшыларымыз алдағы халықаралық додаларда Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, байрақты бәсеке 4-ші қазанға дейін жалғасады.