04.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алматыда Roland Garros Junior-ға іріктеу турнирі басталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Алматыда Roland Garros Junior-ға іріктеу турнирі басталды

Алматыдағы Gorky Tennis Park корттарында Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia іріктеу турнирі басталды. Бұл жарыс жас теннисшілерге 2026 жылғы Roland Garros Junior турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан мұндай деңгейдегі жарысты екінші рет қабылдап отыр. Турнир Қазақстан теннис федерациясы мен Азия теннис федерациясының қолдауымен ұйымдастырылуда.

Жарысқа Орталық және Батыс Азия елдерінен 16 жасқа дейінгі ең үздік 16 теннисші қатысуда. Финалдық кезеңі қазан айында Жапонияда өтетін бұл серияда тек бір жолдама сарапқа салынады.

Биыл финал жолдамасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иордания, Иран, Сауд Арабиясы және Түрікменстан елдерінің жас спортшылары таласуда. Қазақстан намысын қорғап жатқан қатысушылар қатарында:
Родион Трайгель, Мансур Саинов, Ратмир Пулькевич, Амангельды Далер, Мустафа Мустафа Арафат, Ансар Ниеткалиев, Даниэль Юрекли, Еркежан Жанатаева, Адия Омарбек, Ляйсан Нурушева, Каролина Лигай, Гаухар Актан, Зинира Жунусова, Алиса Королева және София Малышева бар.

Турнир 9 тамызда өз мәресіне жетеді.