17.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алматыда ATP 250 Almaty Open турнирінің қатысушылары жарияланды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Алматыда ATP 250 Almaty Open турнирінің қатысушылары жарияланды

Ассоциация теннисшілер кәсіподағы (ATP) ресми түрде Алматыда өтетін ATP 250 Almaty Open жарысының қатысушылар тізімін жариялады.

Заявканы әлемнің үздік ойыншылары бастап тұр:

  • қазіргі чемпион және әлемнің 10-ракеткасы Карен Хачанов,

  • 18-орындағы Даниил Медведев,

  • Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 19-шы нөмірі Александр Бублик,

  • 25-ші Флавио Коболли,

  • 30-шы Лучано Дардери.

Сондай-ақ, турнирге Алекс Михельсен (32), Брендон Накашима (33), Габриэль Диалло (35), Корентин Муте (39), Фабиан Марожан (55), Хамад Медьедович (66), Бу Янчаокете (74), Адам Уолтон (76), Ласло Джере (77), Джордан Томпсон (78), Мариано Навоне (82), Артюр Казо (84) және Лука Нарди (85) қатысады.

Қазақстан атынан Бубликтен бөлек Александр Шевченко, Бейбіт Жукаев, Амир Омарханов, Денис Евсеев, Тимофей Скатов және Михаил Кукушкин өнер көрсетеді.

Турнир 11–19 қазан аралығында «Алматы Аренада» өтеді. Негізгі сеткаға 28 ойыншы кіреді: 18-і рейтинг бойынша тікелей, үшеуі уайлдкард арқылы, тағы үшеуі арнайы шақыру (Special Exempts), ал төртеуі іріктеу арқылы жолдама алады.