Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Алматыда Алиджан Ибрагимовты еске алуға арналған халықаралық гольф турнирі өтеді

25–27 сәуір күндері Алматыдағы «Жайляу» гольф клубында Алиджан Рахманұлы Ибрагимовты еске алуға арналған дәстүрлі Alijan Ibragimov Golf tournament турнирі өтеді. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Биыл турнир форматына өзгеріс енгізілді: бұрын жеңімпаз жеке есеп бойынша анықталатын болса, енді командалық жұптық форматта өтеді. Ерлер мен әйелдер аралас жұптар да қатыса алады. Ойыншылар Best Ball, Scramble және Greensomes сынды үш түрлі форматта бақ сынайды.

Турнирге тек гандикап көрсеткіші расталған спортшылар ғана қатыса алады. Биыл жарысқа Қазақстанның әр өңірінен және Англия, Голландия, Германия, Ресей, Оңтүстік Корея сынды елдерден 120 гольфшы қатысады. Сонымен қатар, Longest Drive және Nearest to the Pin сынды арнайы аталымдар бойынша жарыстар өтеді.

Айта кетейік, өткен жылдың қарашасында Алиджан Ибрагимовтың ұлы Даврон Ибрагимов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып сайланған еді. Ол — кәсіпкер, FC AKAS футбол клубының және құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірқатар компаниялардың негізін қалаушы.