15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алматыда ACA 192 турнирі: Бақытжанұлы Ерохинді жеңді

Алматыда ACA 192 турнирі: Бақытжанұлы Ерохинді жеңді

Алматыдағы ACA 192 турнирінде Асылжан Бақытжанұлы (16-5) Евгений Ерохинді (25-10) сенімді жеңіске жетті — барлық төрешілер қазақстандық спортшыға 49-46 есебімен басымдық берді.

Турнирдің негізгі картасында келесі жекпе-жектер өтті:

  • Артем Резников (25-8) үшінші раундта Рауш Манфионы (17-7) техникалық нокаутпен жеңді
  • Азам Гафоров (17-3) Мхитар Барсегянды (6-5) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді
  • Даурен Ермеков (16-6) Крис Ханикаттты (14-8) бөлінген шешіммен жеңді — 29-28, 28-29, 29-28
  • Бағдос Олжабай (16-4) Саид Хатиевтен (13-4) күшті болып шықты — төрешілер бірауызды түрде 29-28 есебін берді