12.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Almaty Open турнирінің негізгі кезеңіне жеребе тартылды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Almaty Open турнирінің негізгі кезеңіне жеребе тартылды

13 қазанда Алматыда басталатын ATP 250 сериясындағы Almaty Open турнирінің негізгі кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport Pulse.

Нәтижесінде қазақстандық теннисшілер өз қарсыластарын таныды:

  • Александр Шевченко алғашқы айналымда сербиялық Ласло Джеремен кездеседі;

  • Бейбіт Жукаев америкалық Алекс Микелсенге қарсы ойнайды;

  • Амир Омархановтың қарсыласы — канадалық Габриэль Диалло;

  • Тимофей Скатов алғашқы айналымда чилилік Николас Яримен күш сынасады.

Сонымен қатар, тағы екі қазақстандық спортшы — Михаил Кукушкин мен Денис Евсеев негізгі кезеңге жолдама алу үшін іріктеу турнирінде бақ сынайды.

Beeline Janymda — спортта да, желіде де сенімді серік.