16.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Almaty Open турнирінде қазақстандық теннисшілер жарысты аяқтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Almaty Open турнирінде қазақстандық теннисшілер жарысты аяқтады

Қазақстандық теннисшілер Александр Шевченко мен Тимофей Скатов Almaty Open-250 турнирінің жұптық сында алғашқы айналымында сәтсіз өнер көрсетті.

Шевченко мен Скатов екі сетте Франция өкілі Мануэль Гинар мен Аргентина ойыншысы Гвидо Андреоцци жұбына 2:6 3:6 есебімен есе жіберді.

Бұған дейін Скатов жекелей сында бірінші айналымда австралиялық Ринки Хиджикатаға жеңілген болатын. Ал Шевченко Almaty Open-250 турнирінің екінші айналымында франциялық Корентен Мутеге жол берді.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау.