09.10.2024
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Almaty Open 2024 ATP 250 турнирінде болудың 5 себебі

13 қазан күні Қазақстанның оңтүстік астанасындаAlmaty Open ATP 250 халықаралық теннис турнирібасталады. Аталмыш жарыс алғаш рет Алматы қаласында Almaty Arena стадионында өтеді, ал жалпыалғанда, бұлҚазақстанда ATP аясында өтетін бесіншітурнир. ҚТФ баспасөз қызметі осы турнирде болудың бес себебі туралы айтып береді

№1 себеп: Қатысушылардың жұлдызды құрамы. 
Турнир жыл сайын жоғары деңгейде өтіп келеді, сондықтанұйымдастырушылардың күшті құрамды жинай алғанытаңғаларлық емес
Негізгі турнирде ТОП-30-ға кіретін алты ойыншы өнеркөрсетеді: Фрэнсис Тиафо (17 АТР), Себастьян Корда (19 АТР), Артур Фис (21 АТР), Алехандро Табило (23 АТР), Карен Хачанов (25 АТР), Александр Бублик (27 АТР). Қазақстанның оңтүстік астанасында сондай-ақ Флавио Каболли (30 АТР), Томас Махач (33 АТР), өткен жылғыAstana Open АТР 250 чемпионы Адриан Маннарино (53 АТР), әлемнің бұрынғы 9-ракеткасы, италиялық Фабио Фоньини және басқалар ойнайды.

№2 себеп: Қазақстандық ойыншыларды қолдау
Тимофей Скатов пен Бейбіт Жұқаев жекелей сында негізгітурнирде ойнауға арнайы шақырту  (wild card) алды. Іріктеусайысына Әмір Омарханов wild card алды.
Жұптық сында негізгі жарыста Александр Шевченко – Тимофей Скатов және Денис Евсеев – Бейбіт Жұқаевойнайды
Денис Евсеев (Алматы), Бейбіт Жұқаев (Ақтау) және ӘмірОмарханов (Қарағанды) Қазақстан теннис мектебініңтүлектері болса, Тимофей Скатов – Петропавл тумасы
Аталған ойыншылардан басқа Қазақстан намысын Михаил Кукушкин қорғайды. Алматыда АТР 250 турнирімен бірмезгілде Бельгияның Антверпен қаласында осындай жарысөтетінін ерекше атап өтеміз. Онда өткен жылы Александр Бублик үздік шыққан еді.  Антверпенде өзінің 250 ұпайынқорғау керек болса да, қазақстандық ойыншы елдегітурнирді таңдады. Бұл Александрдың отаншылдығын тағыбір танытады

№3 себеп: Турнирдің ашылу рәсімі Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өтеді
Әлемге танымал қазақстандық әнші Almaty Arena стадионында 15 қазан күні сағат 19.00-де болатынтурнирдің ашылу рәсімінде өнер көрсетеді

№4 себеп: Теннистегі белсенділік.
Тартысты матчтар мен әдемі теннистен басқа Almaty Arena аумағында басқа да көптеген қызықты шаралар өтеді
Басты белсенділік аймағы.
Мұнда орналасқан ойын секцияларында өз күшіңді, шеберлігіңді сынап көруге болады. Алаңда түрліфотоаймақтар, инсталляциялар және тіпті аэростат назар аудартады.
Kids Zone
Егер турнирді қарауға балалармен келсеңіз, олар бір орындаотырудан жалықса, арнайы жабдықталған орын қызмететеді. Онда балалар уақытын қызықты әрі қауіпсіз өткізеалады
Food corner
Food corner-де сізді турнир әріптестерінен түрлі дәмдітағамдар күтеді: стритфудтан мейрамхана тамағына дейін.  
Giftshop
АТР-250 турнирінен өзіңізге немесе туысқандарыңыз бен достарыңызға ескерткіш сыйлық алғыңыз келсе, оны эксклюзивті кәдесый өнім сату аймағынан таба аласыз
Амфитеатр
Амфитеатр деп аталатын аумақта адамдармен пікірлесіп, демалып, әртістердің өнерін тамашалап, әрине, теннис тақырыбында онлайн көрсетілімдер мен фильмдер көреаласыз

№5 себеп: Алматыға келу мүмкіндігі
Almaty Open ATP 250  турнирідемалыс алып, Алматығажол тартудың жақсы бір себебі.  Бай тарихы мен тамашатабиғаты бар Алматы келушілерге қаланың кереметкөріністерін ұсынады. Сондай-ақ мұнда түрлі тағамнен дәмтатып, қайнаған базарға барып, қызыққа қаныға түсугеболады.

 

Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралғанмобильді интернет.