12.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Алматы» командасының келесі маусымға арналған бапкерлік штабы жарияланды

«Алматы» командасының келесі маусымға арналған бапкерлік штабы жарияланды

«Алматы» келесі маусымға арналған бапкерлік штабын таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команданың бас бапкері болып Александр Нестеров қала береді. Ол бапкерлік карьерасын «Лада» клубында бастап, кейін Хабаровскінің «Амур», Тольяттидің МХК «Ладья», ХК «Атлант», «Северские Волки», «Молот-Прикамье», ХК «Рязань», Самараның «ЦСК ВВС» және Красноярскінің «Сокол» командаларын жаттықтырған.

Оған көмекші болып Максим Галанов жұмыс істейді. Ол бапкерлік жолын Красноярскінің «Сокол» жүйесінде бастап, онда сегіз маусым еңбек еткен. Ойыншы ретінде НХЛ-да «Рейнджерс», «Пингвинз» және «Трэшерз» сапында 122 матч өткізген.

Келесі маусымда қақпашылармен жұмысты Роман Липаев жалғастырады.