03.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алмат Жұманов желтоқсанда жекпе-жек өткізеді

Алмат Жұманов желтоқсанда жекпе-жек өткізеді

«Қазақ титаны» деген лақап атпен танымал қазақстандық боксшы Алмат Жұманов (8-1, 5 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтеінін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақ боксшысы 6 желтоқсанда Таиландтың Бангкок қаласында өтетін кәсіби бокс жарысында бақ сынайды, онда ол тай боксшысы Джирасак Красанкунмен (3-7, 3 КО) кездеседі.

«Ассалаумалейкум, қазақстандықтар! Қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет, жеңіс бұйырсын!» — деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Жұмановтың соңғы жекпе-жегі 1 қарашада Бангкокта өтіп, жергілікті боксшы Саксит Кижнукорнмен (1-3, 1 КО) кездесті. Жұманов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді.