08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алькарас US Open 2025 финалында Синнерді жеңгені үшін рекордтық ақшалай сыйлық алады

Алькарас US Open 2025 финалында Синнерді жеңгені үшін рекордтық ақшалай сыйлық алады

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас (ATP рейтингінде 2-орын) US Open финалында италиялық Янник Синнерді (1-орын) жеңгені үшін тарихтағы ең ірі ақшалай сыйлыққа ие болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алькарас Синнерді төрт сетте — 6:3, 3:6, 6:1, 6:4 — жеңіп, АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.

Испан cпортшысы үшін бұл 2025 жылғы «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі екінші титул: ол бұрын Ролан Гарросты жеңіп алған.

Айта кетейік, биылғы жылы US Open ұйымдастырушылары жеңімпазға рекордтық сыйлық – 5 миллион доллар тағайындаған. Бұған дейін әлемде бірде-бір теннисші бұл турнирден мұнша табыс тапқан емес.