07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алькарас Рублёвты жеңіп, Уимблдонның ширек финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Алькарас Рублёвты жеңіп, Уимблдонның ширек финалына шықты

Карлос Алькарас 2025 жылғы Уимблдон турнирінің төртінші айналымында Ресей теннисшісі Андрей Рублёвтен басым түсті. Әлемнің екінші ракеткасы болған испандық спортшы бұл ойында 7:6 (7:5), 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч 2 сағат 42 минутқа созылды. Рублёв 6 эйс жасап, 4 қос қателік жіберді және 4 брейк-пойнттың біреуін ғана жүзеге асырды. Алькарас болса, 21 эйс жасап, 3 қос қателікке жол беріп, 11 брейк-пойнттың төртеуін сәтті орындады.

Ширек финалда Алькарас Ұлыбритания өкілі Кэмерон Норримен кездеседі. Еске сала кетейік, испандық теннисші 2023 жылғы Уимблдон чемпионы.