28.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алькарас маусымдағы жеңістерін 56-ға жеткізді

Алькарас маусымдағы жеңістерін 56-ға жеткізді

Алькарас US Open турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас US Open жарысының үшінші кезеңіне сенімді түрде жолдама алды. Әлемнің екінші ракеткасы италиялық Маттиа Беллуччиді 6:1, 6:0, 6:3 есебімен ойсырата ұтты. Кездесу барысында қарсыласының бірде-бір брейк-пойнты болған жоқ.

Бұл жеңіс Алькарас үшін соңғы 20 матчтағы 19-шысы болды. Жалпы маусымдық көрсеткіші – 56 жеңіс, 6 жеңіліс.

Келесі айналымда ол аргентиналық Лучиано Дардеримен кездеседі.