21.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алькарас: Фрицпен матчта қысым сезіндім

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Алькарас: Фрицпен матчта қысым сезіндім

Әлемнің бірінші ракеткасы Карлос Алькарас Кубок Лэйвердегі кездесуден кейінгі әсерімен бөлісті. Оның айтуынша, командасы күні бойы жеңіліс көргендіктен, өзіне қосымша жауапкершілік артылған.

«Бүгін командаға ұпай әкелуім керек екенін сезіндім. Күн қалай өтіп жатқанына байланысты матчты жеңуім тиіс болды. Сол үшін кішкене қосымша қысым болды, бірақ бұл әлемнің бірінші ракеткасы болғаным үшін емес», – деді Алькарас Punto de Break басылымына.

Испандық теннисші америкалық Тейлор Фрицке (әлемнің бесінші ракеткасы) 3:6, 2:6 есебімен есе жіберді. Ойын 1 сағат 12 минутқа созылды. Соған қарамастан, Алькарас Фрицке қарсы жалпы есепте алда тұр – 3:1.

Бұл жеңіс Әлем құрамасы үшін шешуші болды: жалпы есеп 7:3-ке жетіп, Еуропа командасының жағдайын айтарлықтай қиындатты.