06.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алькарас Джоковичті үш сетте жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Алькарас Джоковичті үш сетте жеңді

5 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен US Open жартылай финалында әлемнің №2 теннисшісі Карлос Алькарас сербиялық Новак Джоковичті 2 сағат 22 минутқа созылған ойында 6:4, 7:6 (7:4), 6:2 есебімен ұтты.

Алькарас 7 эйс орындап, брейк-пойнттардың 4-ін іске асырды. Джокович 4 эйс жасады және бір рет брейкпен жауап бергенімен, матчты қайтара алмады.

Осылайша 22 жастағы испандық финалға өтті. Ол шешуші кездесуде Янник Синнер (Италия, №1) мен Феликс Оже-Альяссим (Канада, №27) арасындағы екінші жартылай финалдың жеңімпазымен ойнайды.

US Open-2025 турнирі 24 тамыз – 7 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтуде. Қолданыстағы чемпионы — Янник Синнер.