18.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Алькарас Дохадағы турнирді жеңіспен бастады

Карлос Алькарас Дохада өтіп жатқан Qatar ExxonMobil Open турнирін сәтті бастады.

Бірінші айналым матчында испаниялық теннисші (турнирдің бірінші ракеткасы) хорватиялық спортшы Марин Чиличті жеңді.

Жарыс ашық хард-корттарда өтуде ал турнирдің жүлде қоры 3,035,960 долларды құрайды. ATP 500 санатындағы турнир 22-ші ақпанға дейін жалғасады.