07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алькарас 1974 жылғы бірегей жетістікті қайталады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Алькарас 1974 жылғы бірегей жетістікті қайталады

Әлемнің екінші ракеткасы Карлос Алькарас Уимблдон-2025 турниріндегі өнерін сәтті жалғастыруда. Үшінші айналымда испандық теннисші ресейлік Андрей Рублёвті (ATP рейтингінде 14-орында) 6:7 (5:7), 6:3, 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, турнирдің төртінші кезеңіне жолдама алды.

Бұл жеңісінің арқасында Алькарас 1974 жылы австралиялық Джон Ньюкомб орнатқан рекордты қайталады. Ол — кәсіби мансабындағы алғашқы 18 «Үлкен дулыға» турнирінде 13 рет төртінші кезеңге өткен тарихтағы небәрі екінші теннисші атанды.

Матч 2 сағат 42 минутқа созылды. Алькарас 21 эйс жасап, үш қос қате жіберді және 11 мүмкіндіктің төртеуінде брейк-пойнтты тиімді пайдаланған.

Уимблдон-2025 турнирінің ширек финалында испандық теннисші Ұлыбритания өкілі Кэмерон Норримен кездеседі. Айта кетейік, Карлос Алькарас — Уимблдонның қазіргі чемпионы.