17.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Әлия Юсупова бас жаттықтырушы қызметінен кетті

 

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әлия Юсупова қызмет орнын босатты. 

Екі бірдей Олимпиада ойындарының қатысушысы болған ол, 2012 жылдан бастап Қазақстан құрамасын басқарып, отандық көркем гимнастиканы жаңа деңгейге шығарды.

Оның жетекшілігімен қазақстандық гимнасшылар халықаралық ареналарда табыстарға жетіп, құрлықтық чемпионаттарда, Азия ойындарында және әлемдік турнирлерде медальдар жеңіп алды.

«2025 жылдың қаңтарынан бастап бас бапкер қызметінен кетемін, өйткені федерациядағы жұмысқа толықтай көңіл бөлгім келеді. Осылайша, басқа бапкерлерге өздерін көрсетуге мүмкіндік беруді жөн көрдім. Баршаңызға сәттілік тілеймін», – деді Әлия Юсупова.

Айта кетейік, бұған дейін танымал маманның шәкірті Элжана Таниева мансабын аяқтаған болатын.