06.01.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ғалия Тынбаева: Әйел адамға спортта жетістікке жету үшін, екі есе жаттығу жасау керек

IMG 8870

Қазақ қыздары арасында тұңғыш Grand Slam турнирінің чемпионы атанған Ғалия Тынбаева Спорт Пульс тілшісіне берген сұхбатында, әлеуметтік желіде қалай танымал бола бастағанын, Лос-Анджелестегі олимпиадаға жоспары туралы әңгімелеп берді.

Әйел адамға спортшы болу қаншалықты қиын?

Әйел адамға спортшы болу оңай емес деп ойлаймын. Әрине ер адам мен әйел адамның дене тұрғысынан айырмашылықтары бар, сол себептен әйел адамға спортта жетістіктерге жету үшін екі есе жаттығу жасау керек.

IMG 8869

Қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam турнирінің чемпионы атандыңыз. Бұл жеңіс болашақ мансаптық жоспарыңызға қалай әсер етті?

Бұл жеңіс менің дұрыс жолда екенімді түсінуге көмектесті және әрі қарай қай бағытта жаттығу жасау керектігін, қандай қасиеттерді дамыту керектігін көрсетті. Бұл жеңісім маған жаңа мүмкіндіктерді көруге көмектесті.

Сол сәттен кейінгі сұхбатыңыз әлеуметтік желіде миллиондаған қаралым жинап, халық арасында танымал бола бастадыңыз. Сіз бұны сездіңіз бе? Көшеде халық танып, фотоға түскісі келетіндер бар ма? 

Иә, көптеген адамдар тани бастады. Көшеде жүргенде, дүкенге барған кезде адамдар мені көріп, “Сіз алдында жеңген қыз емессіз бе?” деп фотоға түседі. Көбінесе жасөспірім қыздар мен балдар танып жатады.

Сізді көбісі Ута Абэге ұқсатып жатады. Өзіңізді оған ұқсаймын деп ойлап көрдіңіз бе? Бәлкім кумиріңіз шығар?

Иә, көпшілік солай айтып жатады. Бірақ өзім қатты ұқсастықты байқамадым.Спортта кішкентай кезімнен бастап жапон дзюдошы Хироаки Хираоканы кумир ретінде көретінмін және де өзімнің жеке бапкерімді, Шолпан Калиева апайды кумир ретінде санаймын.

IMG 8871

Париждегі Олимпиадасында өнер көрсеткен дзюдошылардың өнерін қалай бағалайсыз?

Париждегі Олимпиада да біздің дзюдошылар тарихи жеңісті көрсетті. Оған қоса Паралимпиада да тарихи алтын және қола жүлделерді алған дзюдошылар күрестің ең жоғары деңгейін көрсеткендігін ұмытпауымыз керек.

Келесі олимпиада да сізді көруіміз мүмкін бе?

Құдай қаласа келесі Олимпиадаға бару үшін барымды саламын. Қазіргі таңда Қазақстан дзюдосында конкуренция өте жоғары. Мен үшін бұл өте жақсы дер едім, өйткені конкуренция бар жерде ғана біз өсеміз.