05.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алишер Абдулалим кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісіне жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Алишер Абдулалим кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісіне жетті

Астанада өткен Battle of the Brave бокс кешінің ашылу жекпе-жегінде 69 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Алишер Абдулалим (3-0, 2 КО) үндістандық Ашиш Чаудхариге (3-0, 0 КО) қарсы шаршы алаңға шықты.

Отандасымыз тартысты өткен кездесуде шеберлігін танытып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Алишер Абдулалим кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін де сәтті өткізіп, жеңіс жолын жалғастырды.