Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Әлімханұлы жарқын жеңістен кейін Канелоға қарсы шықты

Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) — француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін мексикалық бокс жұлдызын жекпе-жекке шақырды.

«Канело! Қайдасың? Мен — орта салмақтың королімін! Сен де өзіңді король санайсың! Екі корольдің жекпе-жегін әлемге көрсетейік!» — деп жазды қазақстандық боксшы X әлеуметтік желісінде.

Қазақстандық боксшы орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері, ал Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 КО) супер орта салмақта WBA, WBC және WBO нұсқалары бойынша чемпион атағын иеленіп отыр. Мексикалық боксшы мамыр айының басында жеңілмеген кубалық Уильям Скаллмен (23-0, 9 КО) жұдырықтасады.