03.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Әлімханұлы Дэвид Бенавидесті шайқасқа шақырды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) америкалық Дэвид Бенавидеспен (30-0, 24 КО) жұдырықтасуға ниет білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер Бенавидез менімен жекпе-жекке шығуға келісетін болса, менің әрқашан дайын екенімді бәріңіз білесіздер! Бұл керемет жекпе-жек болады! Ол мықты боксшы, рингте екі үздік боксшы кездессе, жанкүйерлер де қуанады! Бокс бұл бизнес емес, бокс бұл спорт! — деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы. Дэвид Бенавидес жартылай ауыр салмақта өнер көрсетеді. Кеше кубалық боксшы Дэвид Моррелді (11-1, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, өзінің «уақытша» әлем чемпионы белбеуін сәтті қорғап қалды.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!