26.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әлімханұлы Адаместің жаттығу видеосына жауап берді

Әлімханұлы Адаместің жаттығу видеосына жауап берді

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) WBC белбеуінің иегері Карлос Адаместің (24-1-1, 18 КО) X әлеуметтік желісіндегі жазбасына жауап берді.

Доминикандық боксшы өзінің жаттығу видеосын «Мен дайынмын» деген жазбамен жариялады — оған қазақстандық чемпион әзілмен жауап қайтарды.

«Оның жаттығуын көрдіңіздер ме? Ол менен қашуға дайындалып жатыр!» — деп жазды Әлімханұлы.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Адаместі бірнеше рет біріктіру жекпе-жегіне шақырған — алайда жекпе-жек туралы келісімге әлі қол жеткізілген жоқ.