26.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Али Алиев Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімінен 13 ойыншыны шығарып тастады

Али Алиев Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімінен 13 ойыншыны шығарып тастады

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Али Алиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алдағы матчтарға команда құрамын жасақтауды аяқтады.

Алдын ала кеңейтілген тізімнен — бапкерлер штабы он үш ойыншыны шығарып тастады.

Түпкілікті өтінімге кірмеген футболшылардың тізімі:

  • Қақпашылар: Александр Заруцкий («Қайрат»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»)
  • Қорғаушылар: Марат Быстров («Астана»), Роман Асранкулов («Тобыл»), Александр Зуев («Тобыл»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»)
  • Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Жеңіс»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Эльхан Астанов («Ордабасы»)
  • Шабуылшылар: Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»)

Іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Уэльске қарсы үйде ойнайды, ал үш күннен кейін Бельгия командасымен сырт алаңда кездеседі.