Оқу уақыты: 1 мин

Әли Әлиев: Македонияға қарсы тұру үшін физикалық дайындық қажет

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әли Әлиев: Македонияға қарсы тұру үшін физикалық дайындық қажет

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында 9 маусым күні Астанада өтетін Солтүстік Македония құрамасына қарсы ойын алдында қарсылас жайлы пікір білдірді. Бапкердің сұхбатын журналист Бағдат Қайыров жариялады.

Әлиевтің айтуынша, жаттықтырушылар штабы македониялықтардың ойын мәнерін мұқият зерттеген және алдағы кездесуді маңызды сынақ ретінде қарастырып отыр.

— Македония құрамасын жақсы білеміз. Бұл — көптеген ойыншылары Еуропаның жетекші клубтарында ойнайтын команда. Шабуылда негізгі рөл Элиф Элмасқа тиесілі. Ол — жоғары деңгейдегі жеке шеберлікке ие футболшы, – деді бас бапкер.

Маманның айтуынша, македониялықтар Балқан аймағына тән ойын стилімен ерекшеленеді: физикалық тұрғыда мықты, жақсы ұйымдасқан және шабуылда жиі қанаттарға, сондай-ақ стандартты жағдайларға сүйенеді.

— Бұл — физикалық тұрғыда өте мығым команда. Олар фланг арқылы және стандарттар кезінде қысым жасауға қабілетті. Біз барлық тактикалық идеяларымызды бір жүйеге келтіріп, мұндай қарсылыққа дайын болуымыз керек, – деп түйіндеді Әлиев.

Айта кетейік, Македониямен матч — Қазақстан құрамасы үшін жазғы іріктеу кезеңіндегі шешуші кездесулердің бірі болмақ. Команда бұл ойынды Беларуське қарсы 5 маусымда Минскіде өтетін жолдастық кездесумен дайындығын жалғастырады.