22.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Әли Әлиев: Қазақстанның әлем чемпионатына шығуға мүмкіндігі бар

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев команда әлем чемпионатына жолдама алуға қабілетті деп есептейді.

«Әлем чемпионатына шығу мүмкіндігі бар. Ертең не болатынын ешкім білмейді. Кейде Еуропаның мықты құрамалары да бұл турнирге қатыса алмай жатады. Мен үшін әр іріктеу ойыны финал секілді. Ең бастысы – жақсы нәтижеге қол жеткізетін команда құру», – деді Әлиев баспасөз мәслихатында.

Қазақстан құрамасы 22-нен 23-наурызға қараған түні 00:45-те Уэльспен кездеседі.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!