01.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Әли Ахмедов титулды айқаста нокаутпен жеңілді

Кәсіпқой бокстан екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (23-1, 17 КО) кезекті жекпе-жегін Астанада өткізіп, техникалық нокаутпен жеңілді. Бұл туралы 1bol.kz жазды.

Отандасымыз Астанада өткен жекпе-жек кешінде польшалық Мацей Сулецкимен (32-3, 12КО) жұдырықтасты. Кездесу 10 раундқа жоспарланған болатын, бірақ соңына дейін жетпеді. Сулецки оныншы раундта күтпеген жерден нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Ахмедов айқын фаворит саналған болатын. Өкінішке қарай, қағаздағы фаворит іс жүзінде өз мықтылығын дәлелдей алмады. Ол нокауттан бұрын төрт рет нокдаун алды: бірінші раундта екі рет және бесінші және оныншыда бір рет нокдаунға түсті.

Төртінші нокдауннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Мачей Сулецки кәсіпқой рингтегі 33-ші жекпе-жегін жеңіп, WBC Silver чемпиондық белбеуінің иегері атанса, Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.

Бұған дейін Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін 17 қаңтар күні АҚШ-та өткізіп, америкалық боксшы Малколм Джонсты екінші раундта жеңген болатын.