Оқу уақыты: 1 мин

Али Ахмедов Сулецкиден жеңілгеннен кейін жаттығуға оралды

Али Ахмедов Сулецкиден жеңілгеннен кейін жаттығуға оралды

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (23-2, 17 КО) мәжбүрлі үзілістен кейін жаттығу процесіне кірісті.

Еске сала кетейік, ақпан айының соңында Астанада спортшы суперорта салмақтағы WBC Silver бос белбеуі үшін өткен жекпе-жекте поляк боксшысы Мацей Сулецкиден (33-3, 13 КО) техникалық нокаутпен күтпеген жеңіліс тапқан болатын.

Ахмедовтың жаттығуларға оралғаны туралы оның әріптесі Жанқош Тұраровтың әлеуметтік желідегі жаттығу залынан түсірілген суреті арқылы белгілі болды — суретте боксшы бапкері Сағатбек Мұсахановпен бірге түскен.

«Жаттығу лагері», — деп жазды Тұраров жарияланымында.

Ахмедовтың рингке қайта оралу мерзімі туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.