Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Әлем чемпиондары мен Чемпиондар лигасының жұлдыздары Астанаға келеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Әлем чемпиондары мен Чемпиондар лигасының жұлдыздары Астанаға келеді

25 сәуірде Астанада Қазақстан футболының күніне орай ерекше оқиға өтеді — УЕФА жұлдыздар құрамасы мен Қазақстан футболының аңыз ойыншылары арасында көрме матчы ұйымдастырылады.

«ЖаркOFF» телеграм-арнасының мәліметінше, елордаға футбол әлемінің нағыз аңыз тұлғалары жиналады. Олардың қатарында:

  • Витор Байя
  • Марко Матерацци
  • Хавьер Дзанетти
  • Кристиан Дзаккардо
  • Майкон
  • Августин (Джей-Джей) Окоча
  • Димитар Бербатов
  • Сержиньо
  • Клод Макелеле
  • Халилу Фадига
  • Кристиан Пануччи
  • Кларенс Зеедорф
  • Эстебан Камбьяссо
  • Гаиска Мендьета
  • Маркус Бабель

Бұл көрме матч УЕФА президенті Александр Чефериннің Астанаға сапары аясында өтеді. Сапар барысында ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және ҚФФ президенті Марат Омаровпен кездеседі.

Футбол сүйер қауым үшін бұл — аңыз ойыншыларды өз көзімен көрудің сирек мүмкіндігі. 25 сәуір — футбол мерекесі болмақ.