Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Әлем чемпионатында төрт турдан кейін Қазақстан қандай орын алды?

Хоккейден бірінші дивизионның А тобында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының төртінші ойын күні аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы Австрияны жеңді (4:2).

Төрт кездесуден кейін Сергей Старыгин шәкірттерінің жеті ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Он екі ұпай еншілеген Дания жастары көш бастап тұр.