Оқу уақыты: 1 мин

Әлем чемпионатына қатысатын қыздар құрамасы жарияланды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Әлем чемпионатына қатысатын қыздар құрамасы жарияланды

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлауынша, 9-16 наурыз аралығында Сербияда бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді. Бұл додада Қазақстанның намысын 12 мықты боксшы қыз қорғайды. Ал, құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин.

Бокстан Қазақстан құрамасының толық құрамы:

  • 48 кг: Назым Қызайбай
  • 50 кг: Алуа Балқыбекова
  • 52 кг: Анита Адишева
  • 54 кг: Жайна Шекербекова
  • 57 кг: Карина Ибрагимова
  • 60 кг: Виктория Графеева
  • 63 кг: Аида Әбікеева
  • 66 кг: Жасмин Қизатова
  • 70 кг: Наталья Богданова
  • 75 кг: Надежда Рябец
  • 81 кг: Гүлсая Ержан
  • 81+ кг: Елдана Тәліпова

Қазақ қыздарына сәттілік тілейміз! Чемпионатта еліміздің көк байрағын желбіретіп, жеңіспен оралсын!