Оқу уақыты: 1 мин

Әлем чемпионаты: Қазақстан ауыр атлетикадан екінші алтынды жеңіп алды

Әлем чемпионаты: Қазақстан ауыр атлетикадан екінші алтынды жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Ксения Прозорова Лимада (Перу) ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Ол 59 келі салмақта өткен жарыста жеңіске жетіп, елге алтын медаль әкелді.

Ксения барлығы 199 (91+108) келі көтерді. Маржона Абдумуталова (Өзбекстан) 190 (88+102) көрсеткішпен екінші болды. Полина Павлович (Ресей) қола жүлдені иеленді — 189 (85+104).

73 келі салмақта Ернұр Мырзахметов қола жүлдені жеңіп алды. Ерасыл Сәулебеков (81 келіге дейін) де үшінші болды.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында бірінші орынды Бейбарыс Ерсейіт (61 келіге дейін) иеленген болатын.