21.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алексис Санчес Роналду мен Мессидің табыс құпиясын ашты

Алексис Санчес Роналду мен Мессидің табыс құпиясын ашты

«Севилья» ойыншысы Алексис Санчес Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің ерекше жетістіктерінің себептері туралы әңгімеледі, деп хабарлайды As.

Жеті жасынан футболмен айналысқан чилилік шабуылшы жоғары нәтижелерге қол жеткізуде ойынға деген шынайы берілгендіктің маңыздылығын атап өтті.

«Мен бұл спорт түрін жақсы көремін. Футболға деген махаббат – мені алға жетелейтін күш. Криштиану Роналду үлгі тұтарлық тұлға, ол бұл кәсіпті керемет дүниеге айналдырды. Бұл Мессиге де қатысты», – деді Санчес.

Шабуылшының пікірінше, екі аңызға айналған футболшының көптеген «Алтын доп» жүлделері – олардың ойынға деген таусылмас құштарлығының тікелей нәтижесі.