27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Алексей Мамонтов «Барыста» жаңа қызметке тағайындалды

Алексей Мамонтов «Барыста» жаңа қызметке тағайындалды

Shaiba.kz хабарлауынша, Алексей Мамонтов «Барыс» хоккей клубының бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұл тағайындау қазақстандық хоккей басшылығындағы кадрлық өзгерістердің бір бөлігі болды — бұған дейін Мамонтов Қазақстан хоккей федерациясының спорт директоры қызметін атқарған.

Айта кетерлігі, жақында «Барыстың» бас директоры болып Сәкен Мұсайбеков тағайындалған еді, ол бұрын Қазақстан хоккей федерациясын басқарған болатын.