22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Заруцкий «Қайраттың» «Селтикпен» қарымта кездесуіне қатыса алмайды

Александр Заруцкий «Қайраттың» «Селтикпен» қарымта кездесуіне қатыса алмайды

Қақпашы Александр Заруцкий алған жарақатына байланысты футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» — «Селтик» командаларының қарымта кездесуінде жасыл алаңға шықпайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алматылық «Қайраттың» Шотландияның «Селтигімен» кездесуінде қақпашыны алмастыруға мәжбүр болды. Ойынның 73-минутында негізгі қақпашы Александр Заруцкий алған жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. Оны Темірлан Анарбеков алмастырды.

Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.

«Селтик» еурододадағы алғашқы ойынын плей-офф кезеңінен бастады.