22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Заруцкий маусымның соңына дейін ойнамауы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Заруцкий маусымның соңына дейін ойнамауы мүмкін

«Қайраттың» қақпашысы Александр Заруцкий УЕФА Чемпиондар лигасы плей-оффындағы «Селтикке» қарсы алғашқы ойында ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Қазақстан құрамасының қақпашысы 71-минутта тізесінен жарақат алған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат маусымның соңына дейін алаңға шығуға мүмкіндік бермеуі ықтимал. Дәл диагноз барлық медициналық тексерістен кейін белгілі болады.

Алматылық клубтың қақпашылар тобында Заруцкийден бөлек Темірлан Анарбеков пен Шерхан Калмурза бар.

Еске сала кетейік, плей-оффтың алғашқы кездесуі 0:0 есебімен тең аяқталды. Қарымта ойын 26 тамыз күні Алматыда өтеді.