02.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Шевченко Уимблдонды алғашқы айналымда аяқтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Шевченко Уимблдонды алғашқы айналымда аяқтады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Уимблдон-2025 турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады. Ол америкалық Райли Опелкаға үш сет қорытындысы бойынша 3:6, 5:7, 6:7 есебімен жол берді.

Шевченко 12 эйс жасап, бірінші допты ойынға қосуда 69 пайыздық нәтижеге жеткенімен, қуатты қарсыласына лайықты қарсылық көрсете алмады. Опелка 7 брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырып, өзінің геймдерінде өте сенімді ойнады — бірінші допта 78 пайыз ұпай жинап, 19 эйс орындады.

Шешуші сәт үшінші сеттегі тай-брейкте анықталды — 7:6 есебімен америкалық спортшы жеңіске жетті. Жалпы матчта Опелка 108 ұпай жинаса, Шевченконың еншісінде 91 ұпай болды.

Осылайша, Шевченко жекелей сындағы өнерін аяқтады, ал Райли Опелка жарысты екінші айналымда жалғастырады.