14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Шевченко Братиславадағы турнирдің финалына шыға алмады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Шевченко Братиславадағы турнирдің финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Словакия астанасы Братиславада өтіп жатқан Slovak Open турнирінің жартылай финалында сынға түсіп, француз Валентин Руайеге жол берді.

Кездесу үш сетке созылып, 5:7, 6:4, 2:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, бұл турнирде Шевченко бірінші нөмірлі сеянд болған, ал оның қарсыласы Руайе — төртінші нөмірлі теннисші.