15.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Шевченко АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті

Александр Шевченко АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті

Қазақстанның 102-ші ракеткасы Александр Шевченко Сумтердегі (АҚШ) Челленджер турнирінің екінші айналымында жапониялық Шо Шимабукуроны (ATP рейтингінде 208-ші нөмір) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1 сағат 25 минутқа созылған кездесу 6:3, 6:3 есебімен қазақстандықдың пайдасына шешілді.

Турнирдің ширек финалында Шевченко Николоз Басилашвили (Грузия) мен Мерфи Кассон (АҚШ) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.