17.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Шевченко АҚШ-тағы жарыстың финалында өнер көрсетеді

Александр Шевченко АҚШ-тағы жарыстың финалында өнер көрсетеді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (АТР рейтингінде 102-орын) Самтердегі (АҚШ) «челенджердің» финалисті атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Шевченко жапондық Шинтаро Мочизукимен (120-орын) кездесіп, қарсыласын үш сетте – 4:6, 6:1, 6:1 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 57 минутқа созылды. Александрдың финалдағы қарсыласы итальяндық теннисші Маттиа Беллуччи (74-орын) болмақ.

Самтердегі турнирдің жүлде қоры 200 000 долларды құрайды. Жеңімпаз 30 700 доллар ұтып, 125 рейтингтік ұпайға ие болады. Біз Александр Шевченконың ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның екінші ракеткасы.