22.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Радулов Санкт-Петербургтің СКА клубына ауысуға жақын

Александр Радулов Санкт-Петербургтің СКА клубына ауысуға жақын

«Спорт-Экспресс» мәліметі бойынша, Александр Радулов Ярославльдің «Локомотивінен» Санкт-Петербургтің СКА клубына ауысу туралы алдын ала келісімге қол жеткізді.

Тәжірибелі шабуылшы теміржолшылар құрамында нәтижелі маусым өткізді — КХЛ тұрақты чемпионатында форвард 60 ойында 34 ұпай жинады, оның 18-і гол, 16-сы нәтижелі пас болды.

Плей-оффта 38 жастағы хоккейші әсерлі ойын көрсетті — ол 21 ойында 16 ұпай (7 гол және 9 пас) жинап, Гагарин Кубогының ең құнды ойыншысы атағына ие болды.