Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Александр Овечкин Уэйн Гретцкидің рекордын қайталады — енді екеуінде де 894 шайба

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Вашингтон Кэпиталз» шабуылшысы Александр Овечкин НХЛ тарихындағы ең үздік снайперлер рекордын қайталады. «Чикаго Блэкхокспен» өткен ойында дубль авторы атанған ресейлік форвард мансабындағы 894-ші шайбасын соқты — бұл көрсеткіш Уэйн Гретцкидің рекордына тең.

Атақты канадалық хоккейші бұл нәтижеге 1 487 матчта, ал Овечкин 1 486 кездесуде қол жеткізді.

Овечкин бұған дейін Гретцкидің қолдауын жиі сезінетінін және оның жылы пікірі мотивация беретінін айтқан болатын.

НХЛ сарапшыларының болжамынша, Овечкин Гретцкидің нәтижесін алдағы «Коламбус Блю Джекетспен» болатын матчта басып озуы мүмкін.

Айта кетейік, Александр Овечкин — үш дүркін әлем чемпионы, сондай-ақ 2018 жылғы Стэнли кубогының иегері. Ол НХЛ-дегі бүкіл мансабын «Вашингтон» сапында өткізіп келеді.