Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Александр Кузнецов Қазақстан жастар құрамасынан кетті

19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Александр Кузнецов ұлттық командадағы жұмысын тоқтатты. Бұл туралы маман әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін мен жастар құрамасының бас бапкері қызметімен қоштасамын. Еліміздің намысын қорғап, төсіндегі туы мен алаңдағы абыройын ойлайтын жас әрі талапты жігіттермен жұмыс істеу — үлкен құрмет және жауапкершілік болды. Менің қызметім қысқартылды, егжей-тегжейіне тоқталмаймын. Бұл жағдайды сабырмен қабылдаймын», — деп жазды Кузнецов.

Оның айтуынша, қызметтен кету құрама құрылымындағы қысқартуға байланысты қабылданған.