Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Александр Ким командасын плей-оффтың келесі кезеңіне алып шықты

Александр Ким командасын плей-оффтың келесі кезеңіне алып шықты

Shaiba.kz хабарлауынша, «Бисмарк Бобкэтс» NAHL плей-оффының бірінші раундының бесінші матчында «Абердин Уингзді» 5:3 есебімен жеңіп, серияда жеңіске жетті.

Қазақстандық шабуылшы Александр Ким осы кездесуде ерекше көзге түсті — ол бір шайба салып, матчтың үшінші жұлдызы атанды.

«Бобкэтс» енді дивизион финалында «Остин Бруинз» командасымен кездеседі.