Оқу уақыты: 1 мин

Александр Ким – АҚШ хоккей лигасының чемпионы

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Ким – АҚШ хоккей лигасының чемпионы

Қазақстандық хоккейші Александр Ким АҚШ-та өткен NAHL (Солтүстік Америка хоккей лигасы) маусымында чемпион атанды!

Финалдық кездесуде Ким өнер көрсететін «Бисмарк Бобкэтс» командасы «Лоун Стар Брамас» ұжымын 4:2 есебімен жеңіп, Робертсон Кубогының иегері атанды.

Александр Ким шешуші ойында бір шайба соғып, жеңіске өз үлесін қосты.

19 жастағы шабуылшы бұл маусымда:

  • 44 матчта28 (17+11) ұпай жинады

  • 13 плей-офф кездесуінде7 (4+3) ұпай тіркеді

Жас хоккейшімізді жеңісімен құттықтаймыз